Вторник, 16.04.2024, 23:12
Саламатсыз ба Гость | Тіркелу | Кіру

ЖӘНІБЕК ҰСТАЗДАРЫ

САЙТ МӘЗІРІ
УАҚЫТ
БӨЛІМ САНАТТАРЫ
Ашық сабақтар [1]
Математика,физика [0]
Химия,биология [0]
Қазақ тілі мен әдебиеті [1]
Орыс тілі мен әдебиеті [2]
Тарих,география [0]
Шетел тілі [0]
Сызу,бейнелеу [1]
Технология [1]
Дене шынықтыру [0]
Алғашқы әскери дайындық [0]
Бастауыш сыныптар [1]
Тәрбие сағаты [0]
Информатика [0]
Музыка [0]
Мектептен тыс мекемелер [0]
Өзін-өзі тану [0]
Психология,педагогика [0]
Презентациялар [2]
САЙТҚА КІРУ
ІЗДЕУ
САЙТ ДОСТАРЫ
  • АО"Өрлеу"
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Министерство образования РК
  • Национальная Академия
  • БАСЫЛЫМДАР"
  • ЕСЕПТЕУ

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Достар
     Бесплатная раскрутка сайта Web100kz.com - каталог сайтов

    Каталог файлов

    Басты » Файлы » Ашық сабақтар

    Қазақтың ұлттық киімдері
    [ Скачать с сервера (12.72 Mb) · Скачать удаленно (3.94 MB) ] 08.01.2015, 23:11

     

    Анаргуль Сагидоллаевна  Құрманғалиева,

    Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ

    Қамысты ауылы, Жәнібек ауданы, БҚО.

    Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері

    Сабақтың мақсаты: 1. Желімдеу әдістерін үйрену. Қуыршақ үлгісіне  ұлттық  киім жапсыру жұмысын жасау.

    2. Балалардың еңбекке қабілеттілігігмен қоса іске  икемділік, тәсіл  қолдануын  қалыптастыру. Көркемдікті,  әсемдікті сезе білуге  үйрету.

    3. Сабақта  ұлттық киімді желімдеу арқылы баланың  ұлттық   психологиясын  қалыптастыру. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: аралас сабақ.

    Сабақтың әдісі:  әңгімелеу, сұрақ- жауап, жекелеген жұмыстар.

    Көрнекіліктер:  бұйымдар, слайд

    Сабақтың барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі.

    ІІ. Өткенді қайталау.

    Слайдтан өткен сабақты еске түсіру

    ІІІ. Жаңа сабақ.

    Кіріспе бөлім.

    Ұлттық киім кию дәстүрі баяғы заманнан бері келе жатыр. Ұлтымыздың киім- кешектері ою- өрнектерімен, бояу нақыштарымен ерекше. Қазақ халқы жануарлар әлеміне  ерекше  көңіл бөлген. Сондықтан да болар, халқымыз әрбір жануардың дене бітіміне және  жеке бөлшектеріне ұқсатып, асқан шеберлікпен ою- өрнектер ойлап тапқан. Оларды  тұрмысымызда да  орынды қолдана білген. Әсіресе ұлттық  киім- кешегімізді  безендіруде  де кең қолданған.

    Қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесіңдер?

    Мыналар жатады: ерлер киімі: тон, шапан, тымақ, бөрік, тақия, ерлер желеткесі, комзолдары, шалбар, етіктері т.б. түрлері өте көп. Әйелдер киімі:  көйлек, жаулық, бешпет, камзол, бас киімінің алуан түрлері, бөрік, тақия, сәукеле т.б. 

     

    Ал, осы киімдерді әдемілеуде қандай  ою – өрнектерді қолдануға  болады?

    Мысалы: желет, камзол, шапан, тақияны әшекейлеу. 

    Мүйіз тектес ою- өрнектер:  мүйіз, қошқармүйіз, арқармүйіз,  сыңармүйіз,  сынықмүйіз, түйетабан, қосалқа, т.б. ою – өрнектер  қолданылады.

    Негізгі бөлім.

    Қуыршақ үлгісін пайдаланып жапсыру тәсілдерін  түсіндіру. 

    Желім жағу реті – тәртібі:  

    1. Сол қолымызбен қағаздың жоғарғы жағын ұстап тұрамыз.
    2. Оң қолмен оңтайлы қимылдап, қағаздың  ортасынан  шетіне  қарай желім жағамыз.
    3. Қағаз  парағының жоғарғы бөлігіне желім жаққанда оң қолмен оның жоғарғы шетіне қарй жағамыз.

    Қағаз бетінің бір жағын желімдеген кезде  оның екінші жағын ескі газетпен немесе пайдаланылған қағазбен жауып қоямыз.

    Үстел бетіне желім жұғып қалмау үшін қағаз немесе қатырма қағаз жаямыз.

    ІV. Сарамандық жұмыс.

    1. Оқушылар интерактивты тақтаға  қарап отырып, таратылып  берілген үлгілер (шаблондар) қуыршақтарына киім желімдейді.   
    2. Әр оқушыға назар аудару,  бағыт – бағдар беру, кемшіліктерін түзету.

    V. Бағалау. Сарамандық жұмыс барысында оқушылардың жұмыстарының орындалу сапасына қарай тиісті  бағаларын қою. Қателерін өздеріне талдау.

    VІ.Сабақты қорытындылау.  Үйге тапсырма.

    Сонымен, сабақта ұлттық  киім- кешегімізді  пайдаланып желімдеуді үйрендік. Ұлттық киімдеріміздің әр алуандылығын көрдік. Оларды әсемдеп үйрендік.

    Келесі сабаққа түрлі – түсті қағаз, желім, қайшы әкелу тапсырылады. 

    Категория: Ашық сабақтар | Қосты: Kairat
    Қаралуы: 2263 | Загрузок: 230 | Рейтинг: 1.0/1
    Барлық талдауы: 0
    avatar