Суббота, 20.04.2024, 10:26
Саламатсыз ба Гость | Тіркелу | Кіру

ЖӘНІБЕК ҰСТАЗДАРЫ

САЙТ МӘЗІРІ
УАҚЫТ
БӨЛІМ САНАТТАРЫ
Жаңалықтар [35]
Құтықтаймыз [2]
Сайыстар [6]
Мектеп тынысы [6]
САЙТҚА КІРУ
ІЗДЕУ
КҮНТІЗБЕ
«  Декабрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
ЖАЗБАЛАР МҰРАҒАТЫ
САЙТ ДОСТАРЫ
  • АО"Өрлеу"
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Министерство образования РК
  • Национальная Академия
  • БАСЫЛЫМДАР"
  • ЕСЕПТЕУ

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Достар
     Бесплатная раскрутка сайта Web100kz.com - каталог сайтов
    Басты » 2014 » Декабрь » 17 » «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»
    02:58
    «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»

       Жәнібек аудандық мәдениет үйінің оқырмандар залында Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың және «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің басшысы Ерлан Ғимрановтың мұрындық болуымен «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты дөңгелек үстел оздырылды. Дөңгелек үстелге  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, Жәнібек колледжінің студенттері, тәуелсіздіктің құрдастары және ауданымыздың белсенді жастары қатынасып, ой-пікірлерін ортаға салды. Жиынның шымылдығын ашқан Мөлдір Сайфуллақызы:«Баршаңызды Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Еліміздің жалынды жастарының бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!» - деп құттықтау сөз сөйледі. Содан кейін жиынға қатысушылардың назарына бейнебаян ұсынылды. Шара барысында Ерлан Сағадатұлы көпшілік алдында  «Тәуелсіздік тұғырының негізі – отансүйгіштік» атты баяндама оқыды. Сонымен қатар жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мектеп оқушылары арасында «Жас қолөнершілер» атты байқау оздырылып, 1-орынды Даризат Дамиров (Қамысты ауылдық округі, «Бәйтерек саябағы» тақырыбында), 2-орынды Нұрсезім Нұрлыбекова (Тау ауылдық округі, «Тәуелсіздік таңы»), 3-орынды Қамарсұлу Қадырбай (Борсы ауылдық округі, «Қазақ елі») иеленіп, Адина Теміртасова(Қамысты ауылдық округі, «Мәңгілік ел») мен Талғат Өтегенов (Ұзынкөл ауылдық округі, «Тәуелсіз ел – тірегім») белсенді қатысқан болатын. Дөңгелек үстел барысында аталған оқушыларға марапаттау қағазы мен сыйлықтар табыс етілді. Аталмыш шарада тәуелсіздік құрдастары Гауһар Нұрмақова, Абзал Есимов, Дулат Қыдырғалиев, Раушан Файзуллина, Мөлдір Сагипова сынды жастарымыз құттықтау қағаздарымен марапатталды. 

    Елінің ертеңіне алаңдайтын тәуелсіз елдің ұрпақтары, кеудесінде Отанға деген махаббаттары өршіп тұрған жастарымыз бар да еліміздің таңы әрқашанда нұрлы болатынына нық сенеміз.

    Арайлым РАШИТҚЫЗЫ

    Жәнібек ауданы 

    www.zhaikpress.kz

    Категория: Жаңалықтар | Қаралуы: 1224 | Қосты: Megaberish | Рейтинг: 0.0/0
    Барлық талдауы: 0
    avatar