Среда, 15.05.2024, 06:18
Саламатсыз ба Гость | Тіркелу | Кіру
|
ЖӘНІБЕК ҰСТАЗДАРЫ |
ЕСЕПТЕУ |
---|
Онлайн всего: 1 Гостей: 1 Пользователей: 0 |
|
Басты » 2014 » Декабрь » 24 » Зияткерлік олимпиада өтті
00:13 Зияткерлік олимпиада өтті |
Толқын КИСЕКОВА,
аудандық білім беру бөлімі
әдістемелік кабинетінің бастауыш
сыныптар бойынша әдіскері
Облыстық білім басқармасының 2014 оқу жылының жоспарына сай аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларының арасында аудандық «intel-junior» зияткерлік олимпиадасы өткізілді.
Бастауыш мектеп жасындағы дарынды балаларды ерте анықтау және психологиялық-педагогикалық жетектеу; оқушылардың оқу-танымдық жұмысын ынталандыру; энциклопедиялық білімді насихаттау және бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ғылыми жұмысқа қызығушылығын дамыту, т.б. мақсатты көздеген олимпиада төрт кезең бойынша өтеді. Олар: нақты ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары және эрудиттер турнирі.
ХІІ аудандық бастауыш сынып оқушыларының «intel-junior» зияткерлік олимпиадасы жылда оздырылады. Олимпиада қорытындысында әділқазылар алқасының шешімімен Жанайым Құзайыр (Ғ.Қараш атындағы ЖББОМ-ның 4-сынып оқушысы) бас жүлдеге ие болса, Әли Құзайыров пен Ләйлат Махметова (Т.Жароков атындағы ЖББОМ-ның 4-сынып оқушысы) үшінші орынды иеленіп, облысқа жолдама алды. Қалған оқушылар аталымдармен марапатталды. Үзіліс сәтінде оқушылар бір-бірімен танысып, Тәуелсіздікке арналған тақпақтарды мәнерлеп оқыды.
|
Категория: Жаңалықтар |
Қаралуы: 876 |
Қосты: Kairat
| Рейтинг: 0.0/0 |
|