Четверг, 25.04.2024, 14:53
Саламатсыз ба Гость | Тіркелу | Кіру

ЖӘНІБЕК ҰСТАЗДАРЫ

САЙТ МӘЗІРІ
УАҚЫТ
БӨЛІМ САНАТТАРЫ
Жаңалықтар [35]
Құтықтаймыз [2]
Сайыстар [6]
Мектеп тынысы [6]
САЙТҚА КІРУ
ІЗДЕУ
КҮНТІЗБЕ
«  Январь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
ЖАЗБАЛАР МҰРАҒАТЫ
САЙТ ДОСТАРЫ
  • АО"Өрлеу"
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Министерство образования РК
  • Национальная Академия
  • БАСЫЛЫМДАР"
  • ЕСЕПТЕУ

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Достар
     Бесплатная раскрутка сайта Web100kz.com - каталог сайтов
    Басты » 2015 » Январь » 27 » Ғалымның жолы - шамшырақ
    22:54
    Ғалымның жолы - шамшырақ

    Ғалымның жолы - шамшырақ
    Шмидт өскен орта, Шмидт білім нәрімен сусындаған тарихы мен тағылымы мол Тайыр Жароков атындағы орта мектеп. Осы мектепте талай саңлақтардың, бетке ұстар ұлы тұлғалардың ізі жатыр. Сол ізді құрмет тұтқан мектеп оқушылары да білім ордасының алдында бұрыннан бар Шмидт Айталиевтің ескерткіш тақтасынының алдына гүл шоқтарын қойды.
    Еске алу кеші одан әрі «Ғылымның жолы – бүгіннің жолы» атты «Жас Ұлан» республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына мектеп оқушыларын қабылдау салтанатты жиынына ұласты. Жиын барысында әр сыныптың топбасшылары топ аты мен ұранын таныстыра отырып, «Жас Ұлан» ұйымының басшысы Дамира Сисенғалиеваның алдында ант берді. Кеш қонақтары Қабаш Жүнісов, Дина Сапашева, Толқын Кисекова сынды мектебіміздің ардагер ұстаздары Шмидт Айталиевтің өмір жолы мен еңбегінен естеліктер айтып, ұйымға қабылданған оқушыларға галстук және төс белгілерін тағып, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, «Жас қыранның» оқушылары «Жас Ұланға» қадам басты. Химия пәнінің мұғалімі Балжан Закина Шмидт Айталиевтің өмір жолы мен әлемге әйгілі еңбектері туралы баяндама оқыды. Мектебіміздің көркөмсөз шебері Бейбарыс Кәкім «Туған жеріне» арнаған жыр шумақтарын оқыса, мың бұралған бишілер «Қазақ биін» биледі. Бастауыш сынып оқушылары да Шмидт Айталиевтің «Бірімін» өлеңін мәнерлеп оқыды. Салтанатты жиын «Жас Ұланның» әнұранын шырқаумен өз мәресіне жетті. 
    Арайлым КЕСЕКОВА,
    Жәнібек ауданы

    Категория: Мектеп тынысы | Қаралуы: 740 | Қосты: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
    Барлық талдауы: 0
    avatar