Четверг, 02.05.2024, 15:03
Саламатсыз ба Гость | Тіркелу | Кіру

ЖӘНІБЕК ҰСТАЗДАРЫ

САЙТ МӘЗІРІ
УАҚЫТ
БӨЛІМ САНАТТАРЫ
Жаңалықтар [35]
Құтықтаймыз [2]
Сайыстар [6]
Мектеп тынысы [6]
САЙТҚА КІРУ
ІЗДЕУ
КҮНТІЗБЕ
«  Январь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
ЖАЗБАЛАР МҰРАҒАТЫ
САЙТ ДОСТАРЫ
  • АО"Өрлеу"
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Министерство образования РК
  • Национальная Академия
  • БАСЫЛЫМДАР"
  • ЕСЕПТЕУ

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Достар
     Бесплатная раскрутка сайта Web100kz.com - каталог сайтов
    Басты » 2015 » Январь » 10 » Байқауда деңгей бағаланды
    19:51
    Байқауда деңгей бағаланды

    Байқауда деңгей бағаланды

    Аудандық білім беру бөлімінің 2014-2015 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сай және аудандық білім беру бөліміне қарасты орта білім беру мекемелерінің білім сапасын арттыру, мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығын қадағалау мақсатында оқушылардың қысқа демалыс кезінде ЖББ Т.Жароков атындағы орта мектеп базасында 4-6 желтоқсан аралығында негізгі және таңдау пәндері бойынша қосымша сабақтар жүргізілді.
    Бұл дәріске аудан мектептерінен 11-сынып оқушыларының барлығы қатынасып, ЖББ Т.Жароков атындағы орта мектеп жанындағы жатақханаға орналастырылып, мектеп асханасында тамақпен қамтамасыз етілді. 
    Пәндер бойынша Г.С.Жұмабаева, Г.Ғ.Еркегулова (қазақ тілі), Ж.Т.Сексенбаева (қазақ әдебиеті), Е.К.Джиеналиев, Ж.Н.Каргин (қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы), А.А.Досқалиева, Х.С.Молдағалиев, М.Т.Есенғалиева (математика), Г.А.Кушанова (орыс тілі), А.Р.Кубаева (биология), М.У.Кубаев (география) Н.Б.Нұралиева (химия), М.Зейнетуллаев (физика) қосымша сабақтарды жүргізді. Оқыту барысында оқушылар қиналып жүрген сұрақтар бойынша жауаптарын алды. Математика, физика пәндерінен қиын есептерді оңай жолдармен шығару тәсілдері көрсетілді. 
    Ұйымдастырылған қосымша сабақтардан кейін 6 желтоқсан күні байқау сынағы ұйымдастырылды. Оған 135 оқушы қатынасты. Байқау қорытындысы бойынша ең жоғарғы орташа балды көрсеткен №1 ЖББОМ – 87,9, Ғ.Қараш атындағы ЖББОМ – 87,83, Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ – 84,8 баллды көрсетсе, ең төменгі көрсеткішті Ғ.Сарыбаев атындағы ЖББОМ – 57,3, М.Ықсанов атындағы ЖББОМ – 65,9 пайызбен айқындады. «Алтын белгі» белгісіне үміткер 8 оқушының үшеуі қорғады. Осындай байқау сынағы алдағы көктемгі демалыс кезінде де жалғасын табады.
    М.ДҮЙСЕКЕНОВА, 
    аудандық білім беру бөлімінің әдіскері.

    Категория: Жаңалықтар | Қаралуы: 447 | Қосты: Suyungali | Рейтинг: 0.0/0
    Барлық талдауы: 0
    avatar