Четверг, 02.05.2024, 05:31
Саламатсыз ба Гость | Тіркелу | Кіру

ЖӘНІБЕК ҰСТАЗДАРЫ

САЙТ МӘЗІРІ
УАҚЫТ
БӨЛІМ САНАТТАРЫ
Жаңалықтар [35]
Құтықтаймыз [2]
Сайыстар [6]
Мектеп тынысы [6]
САЙТҚА КІРУ
ІЗДЕУ
КҮНТІЗБЕ
«  Январь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
ЖАЗБАЛАР МҰРАҒАТЫ
САЙТ ДОСТАРЫ
  • АО"Өрлеу"
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Министерство образования РК
  • Национальная Академия
  • БАСЫЛЫМДАР"
  • ЕСЕПТЕУ

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Достар
     Бесплатная раскрутка сайта Web100kz.com - каталог сайтов
    Басты » 2015 » Январь » 21 » Ел тыныштығы - басты құндылық
    17:04
    Ел тыныштығы - басты құндылық

    Ел тыныштығы - басты құндылық
    Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімі Мұрат Мұқаевтың төрағалық етуімен биыл елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып белгіленуіне байланысты ауданда өткізілетін шаралар туралы және күн тәртібіне байланысты бірнеше мәселені қамтыған кеңес оздырылды. Жиынды қысқаша кіріспе сөзбен ашқан аудан әкімі үстіміздегі жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының аясында Ұлы Жеңістің 70, Қазақ хандығының 550, Конституцияның 20 жылдығы атап өткізіліп, бұл тұрғыда ауданда көптеген жұмыстар атқарылатынын баяндады. –Бұл жұмыстар тек қана аудан әкімдігі немесе мекемелер қызметкерлерінің қатысуымен емес, бұған бүкіл аудан жұртшылығы жаппай атсалысуы керек,-деді ол,-Қазақстан халқы Ассамблеясы дегенде елімізді мекендейтін 17 млн. халық тұрғанын ұмытпауымыз керек. Сондықтан осы ауқымды шараға ауызбіршілікпен бәріміз белсене қатысуға тиістіміз. Басты құндылық-ел тыныштығы. Бұл шара осынысымен құнды. Шара биыл 6 ақпанда бастау алып, жыл бойы оздырылатын болады. 
    Кеңесте 2015 жыл-Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жариялануына орай ауданда өтізілетін шаралардың іс-жоспары жайында аудан әкімінің орынбасары Аманжол Қадырбеков хабарлама жасады. Ол өз сөзінде шараның Қазақстан халқының бірлігін нығайту мақсатында оздырылатынына, акцияның мәні мен мазмұнына тоқталып, шараны іске асыруды зор ұйымшылдықпен қолға алу қажеттігін мәлім етті. Жиында, сондай-ақ аудандық білім беру бөлімінің басшысы Мұратқали Ғазезов білім беру ұйымдарындағы ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық шаралары туралы, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрман Түменов Қазақстан Республикасының жер Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жақсылық Бисенғалиев «Денсаулық күнін» өткізу туралы хабарлама жасады. 
    Н.Жапақов,

     
    Категория: Жаңалықтар | Қаралуы: 550 | Қосты: Arman | Рейтинг: 0.0/0
    Барлық талдауы: 0
    avatar