Четверг, 02.05.2024, 03:36
Саламатсыз ба Гость | Тіркелу | Кіру

ЖӘНІБЕК ҰСТАЗДАРЫ

САЙТ МӘЗІРІ
УАҚЫТ
БӨЛІМ САНАТТАРЫ
Жаңалықтар [35]
Құтықтаймыз [2]
Сайыстар [6]
Мектеп тынысы [6]
САЙТҚА КІРУ
ІЗДЕУ
КҮНТІЗБЕ
«  Январь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
ЖАЗБАЛАР МҰРАҒАТЫ
САЙТ ДОСТАРЫ
  • АО"Өрлеу"
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Министерство образования РК
  • Национальная Академия
  • БАСЫЛЫМДАР"
  • ЕСЕПТЕУ

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Достар
     Бесплатная раскрутка сайта Web100kz.com - каталог сайтов
    Басты » 2015 » Январь » 15 » Оқулықтарды электронды түрге ауыстыру мәселесі толық шешілген жоқ – Т.Балықбаев
    13:05
    Оқулықтарды электронды түрге ауыстыру мәселесі толық шешілген жоқ – Т.Балықбаев

    Оқулықтарды электронды түрге ауыстыру мәселесі толық шешілген жоқ – Т.Балықбаев

    МЕРЗІМІ: .

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев оқулықтарды электронды түрге ауыстыру мәселесіне қатысты ойын айта келе, осы сұраққа жауап іздеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

    «Біз оқыған кезде, біздің балаларымыз оқыған кезде «Табиғаттану» деген пән болатын. Табиғаттану дегеніміз – жаратылыстану. Соны біреу кері аударып «Ғылым негіздерін» жасап жатыр. Шындығында олай емес, бұл пән жаратылыстану, табиғаттану болып қалады. Ол шын мәнінде арнайы пән де емес, ол ғылымның негізі емес, ол пән балаларға табиғатты түсіндіреді. Сондықтан, «ғылым негіздері» деген жаңа пән жоқ, бұрынғы сабақтардан ешқандай жаңалығы жоқ»,-деді вице-министр Қазақстандағы 1-сынып оқушылары үшін «Ғылым негіздері» пәні енгізіледі деген әңгімеге қатысты.

    Ал, оқулықтарды электронды форматқа ауыстыруға қатысты: «бұл мәселені кешенді түрде талдау керек. Бұған қатысты нақты шешім еш жерде жоқ. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, бәрін жеңілдетеміз деп 1 немесе 3-сыныптың баласына планшет беріп қойсақ? Оқушы планшетті доп тепсе де алып жүреді, сырғанаса да сөмкесінен тастамайды. Сонда, оқушы планшетті бұзып алса, бір балаға қанша планшет керек боларын, кім біледі? Сондықтан, осы тәсілдің технологиясын бүкіл әлем зерттеп жатыр. Шын мәнінде, әлем бойынша оқулықтарды электронды түрге ауыстыру мәселесі толық шешілген жоқ. Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз, сондықтан бір шешімге келеміз деп ойлаймын»,-деп түсіндірді вице-министр.

    http://bnews.kz

    Категория: Жаңалықтар | Қаралуы: 544 | Қосты: Suyungali | Рейтинг: 0.0/0
    Барлық талдауы: 0
    avatar