Вторник, 07.05.2024, 01:07
Саламатсыз ба Гость | Тіркелу | Кіру

ЖӘНІБЕК ҰСТАЗДАРЫ

САЙТ МӘЗІРІ
УАҚЫТ
БӨЛІМ САНАТТАРЫ
Жаңалықтар [35]
Құтықтаймыз [2]
Сайыстар [6]
Мектеп тынысы [6]
САЙТҚА КІРУ
ІЗДЕУ
КҮНТІЗБЕ
«  Декабрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
ЖАЗБАЛАР МҰРАҒАТЫ
САЙТ ДОСТАРЫ
  • АО"Өрлеу"
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Министерство образования РК
  • Национальная Академия
  • БАСЫЛЫМДАР"
  • ЕСЕПТЕУ

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Достар
     Бесплатная раскрутка сайта Web100kz.com - каталог сайтов
    Басты » 2014 » Декабрь » 24 » Жәнібектік жас дзюдошылар жасындай жарқылдады
    00:32
    Жәнібектік жас дзюдошылар жасындай жарқылдады

    Жасөспірімдерді спортқа баулуда күрес өнерінің орны ерен. Жәнібек өңірінен түлеп ұшқан балуан Райбек Меңдіғалиевтің даңқы зор. Ол – самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

    Бүгін белдесу майданында біраз белесті бағындырған жерлесіміздің атына 2000-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында дзюдодан аудандық ашық турнирге жүлде тігіліп, салтанатты ашылу рәсімі оздырылды. Аудан әкімі Мұрат Мұқаев Елбасымыздың спортты терең дамыту жөнінде айтқан  пәрмені іс жүзінде орындалып жатқанын, соның бір мысалын осы турнирден іздеуге болатынын тілге тиек етті:

     – Жасындай жарқылдап, қазақ халқын төрткүл дүниеге танытқан оның еңбегі өлшеусіз. Бүгінгі таңда өзі баулыған жас балуандар әлемнің түкпір-түкпірінде аламан айқасқа түсіп жүр. Осындай ерлердің үлгісі ісі ұрпаққа өнеге,  – деп өз бағасын бере кетті аудан басшысы.

    Расымен де, бұл сәтте ұстаз мерейіне куә болып, залда отырған самбо күресінен төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыров, Қазақстан Республикасының чемпоны, әлем кубогінің иегері, екі дүркін Азия чемпионы Азамат Шайхы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Медет Оңдағанов іштей болса да, бір дүр сілкініп алғаны анық. Бұл турнирді тамашалауға жампоз ізбасарлары түгел қатыспағаны белгілі, әйтпесе бір төбе боп, ортаны ойып отырар еді.

    Кейін ел мерейіне  бөленіп жатқан Райбек Ромашұлының өзі сөз алып, ризашылық сезімін жеткізді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы,  «Құрметті спорт қайраткері», Бөкей Ордасы ауданының «Құрметті азаматы» Жұбаныш Жәрдемов Жәнібекті туған жеріне балайтынын, ерін ұлағаттап жатқанын құп алатынын, әлемнің талай елін араласа да туған Отан қымбат екенін, білекті өрендер өздерінің күш-қайратын танытып, атажұрттың даңқын көкке көтеруге құштар болуы керектігін жеткізді. Қонақтарға аудан әкімі алғыс хатын табысталып,  иықтарына шапан жапты.

    Ашылу рәсімінде Райбек Меңдіғалиевтің өмірбаяны мен бозкілем үстінде ұтып алған жүлделі жеңістері слаидпен таныстырылды. 1968 жылы туған ол кіндік кескен Жәнібек ауылындағы орыс орта мектебін 1984 жылы бітіреді. Алмабек Бердіғалиевтен белдесудің қыр-сырын таныған ол облыстық чемпионатта ІІ орын иемденеді әрі бір жылдан кейін топ жарып, ҚР чемпионатында қола жүлдені иемденеді. 1985 жылы Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтқа түскен соң да, самбо, дзюдо күрестері бойынша екі  дүркін жеңімпаз атанды. 1987-1989 жылдары Ресей Федерациясының Владимир қаласында әскери міндетін өтейді. КСРО қарулы күштерінің жарысында екі дүркін және Бүкіл Одақтық турнирлерде чемпион атанды. 1989 жылы КСРО спорт шебері атанды. 1990 жылы Бүкіл Қазақстандық универсиадада чемпион болса, КСРО универсиадасында ІІ орын иемденді. 2005 жылдан самбо күресінен ҚР аға жаттықтырушысы қызметін атқарып келеді. Зайыбы Жанна Мичуринқызымен бір ұл, бір қыз тәрбиелеп келеді.

    Талай додада  Қазақстанды әлемге танытқан шәкірттер тәрбиелеген білікті бапкер екендігі де айтылды. 

    Данабек Үмбеталиев «Жасай бер, қазақ» әнін әуелетіп тыңдарманның рухын көтерді. Жұптың шырқауындағы «Жәнібегім» әні де ешкімді бей-жай қалдырған жоқ.

    Төрді алқалаған жас балуандар Орал қаласы, Бөрлі, Шыңғырлау, Теректі, Қазталов, Бөкей Орда, Жәнібек аудандары атынан сынға түсті. Турнир соңында жекпе-жек жеңімпаздары  мен жүлдегерлері салтанатты түрде марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

    www.zhaikpress.kz

    Нұртай ТЕКЕБАЕВ

    Жәнібек ауданы

    http://www.zhaikpress.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=32786:zh-nibektik-zhas-dzyudoshylar-zhasyndaj-zhar-yldady&catid=160:sport&Itemid=437&lang=kz

     

    Категория: Жаңалықтар | Қаралуы: 505 | Қосты: Kairat | Рейтинг: 0.0/0
    Барлық талдауы: 0
    avatar