Среда, 01.05.2024, 22:33
Саламатсыз ба Гость | Тіркелу | Кіру

ЖӘНІБЕК ҰСТАЗДАРЫ

САЙТ МӘЗІРІ
УАҚЫТ
БӨЛІМ САНАТТАРЫ
Баяндамалар [2]
Эссе [1]
Басылымдар [2]
САЙТҚА КІРУ
ІЗДЕУ
САЙТ ДОСТАРЫ
  • АО"Өрлеу"
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Министерство образования РК
  • Национальная Академия
  • БАСЫЛЫМДАР"
  • ЕСЕПТЕУ

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Достар
     Бесплатная раскрутка сайта Web100kz.com - каталог сайтов

    Каталог статей

    Басты » Статьи » Басылымдар

    Тәуелсіздік - әр халықтың, жүрегіндегі асыл арманы.

    Тәуелсіздік - әр халықтың, жүрегіндегі асыл арманы.

    Әр түрлі қиыншылықтар мен қуаныштарға толы

    республика өмірі тарих бетіне алтын әріптермен

    жазылды. Миллиондаған жандардың үміті мен сенімін

    арқалаған бұл ерекше мейрам – Тәуелсіздік мерекесі.

    Міне,  осы  орайда  ауданымыздағы  Жәнібек

    колледжінде еліміздің қол жеткен жетістіктері мен

    табыстарын жаңа ақпараттық технологиялар арқылы

    паш ете отырып, студенттердің бойында Отаны мен

    халқына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін

    қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру мақсатында

    «Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы» атты

    онкүндік мерекелік шара аталып өтілді.

    Біз  өзіміздің  бай  тарихымызды,  алуан  түрлі

    табиғатымызды, мәдениетімізді, экономика, ғылым,

    өнер, спорт және басқа да салалардағы қол жеткізген

    жетістіктерімізді мақтан етеміз. Алайда, еліміздің,

    жеріміздің  ең  басты  байлығы  –  Қазақстанды

    мекендеген жүзден аса ұлттардың ынтымағы деп,

    мерекенің шымылдығын «Қазақ елі – менің Отаным»

    атты сайыс сабағымен тарих пәнінің оқытушысы Бақыт

    Нұрәлиева  ашса,  колледж  кітапханасында  тарих

    пәнінің  оқытушысы  Гүлнар  Қуанышқалиеваның

    ұйымдастыруымен  «Тәуелсіздік бізге бәрінен де

    қымбат»  оқырмандар  конференциясында

    студенттеріміз тәуелсіздікке дейінгі тарих қойнауына

    шолу жасап, шығармашылық жұмыстарымен бөлісті.

    Мұнда оқушылар әртүрлі тақырыпта ой жарыстырып,

    ұлы бабаларымыз жөнінде не білетіндерін ортаға сала

    білді.

    Мерекеміз одан әрі жалғасып жатты. Қазақ тілі мен

    қазақ  әдебиеті  пәнінің  оқытушысы  Гүлхан

    Жүкееваның «Тәуелсіздігіміз баянды болсын» деген

    атпен оздырылған шарасында көріністер арқылы

    желтоқсан құрбандарын еске алған адамдармен сұхбат

    жүргізіліп, презентация көрсетілімі өз нәтижесін берді.

    Онкүндік барысында студенттеріміз «Тәуелсіздік –

    қазақтың сан ғасырлық арманы» тақырыбында өткен

    шығармалар мен суреттер байқауына қатысып, тіл

    өнері мен қол өнеріне шығармашылық деңгейде кең

    өріс алып жатты.

    Шет тілі пәнінің оқытушысы Жансауле Бекжанова

    ұйымдастыруымен «Бүгінгі Қазақстан» тақырыбында

    өткен интеллектуалдық сайысында ағылшын тілінде

    көрсетілген  бейнефильм  бойынша  қатысқан

    студенттермен диалог өткізіліп, шара соңында кластер

    құрылды. Сайыс барысында оқытушы түрлі әдістеме

    арқылы қызықты да әсерлі кезеңдерді жоғары

    деңгейде өткізе білді.

    Онкүндік әрі қарай тарих пәнінің оқытушысы Мира

    Ефремованың дайындаған «Тәуелсіздік – ата-баба

    ұраны» интеллектуалды – танымдық шарасымен

    жалғасын тапты. Шара барысында өлеңдер оқылып,

    фильмдер көрсетілді.

    Сөйтіп,  онкүндік  шаралары  «Тәуелсіздік  туы

    желбіресін мәңгілік» мерекелік бағдарламасымен өз

    мәресіне жетті. Шара барысында белсене қатысқан

    студенттеріміз  ерекше  аталып,  сыйлық  және

    мадақтамалармен  марапатталды.  Өткізілген

    шаралардың тәрбиелік мәні мен оқушыларға әсері мол

    болды. Ой түйген оқушылар Отанын, елін қадірлейтін

    саналы азамат болады деп сенеміз. Әдістемелік

    кабинет атынан атсалысқан оқытушыларға рахмет!

    Мерекеміз ұзағынан болсын!

    Гүлжан Есмұхамбетова,

    Жәнібек колледжінің әдіскері,

    Жәнібек ауданы

    16 қаңтар 2015 жыл,«Жайық Ұстаздары»,11 бет

    Категория: Басылымдар | Қосты: Kairat (24.01.2015)
    Қаралуы: 505 | Рейтинг: 0.0/0
    Барлық талдауы: 0
    avatar