Среда, 01.05.2024, 17:04
Саламатсыз ба Гость | Тіркелу | Кіру

ЖӘНІБЕК ҰСТАЗДАРЫ

САЙТ МӘЗІРІ
УАҚЫТ
БӨЛІМ САНАТТАРЫ
Баяндамалар [2]
Эссе [1]
Басылымдар [2]
САЙТҚА КІРУ
ІЗДЕУ
САЙТ ДОСТАРЫ
  • АО"Өрлеу"
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Министерство образования РК
  • Национальная Академия
  • БАСЫЛЫМДАР"
  • ЕСЕПТЕУ

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Достар
     Бесплатная раскрутка сайта Web100kz.com - каталог сайтов

    Каталог статей

    Басты » Статьи » Баяндамалар

    Эстетикалық бағыттағы пәндерді кіріктіру арқылы рухани - адамгершілік тәрбие беру

     

    Эстетикалық бағыттағы пәндерді кіріктіру арқылы рухани - адамгершілік тәрбие беру

    Батыс Қазақстан облысы

    Жәнібек ауданы

    Ғабит Сарбаев атындағы ОЖББ мектебінің

    Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

    Исмагулова Алима Кикбайқызы

    Орыстың ұлы педагогі К.Д. Ушинский:«Балаларға берілген тәрбиенің негізі халықтың құңдылықтарынан тұрмаса, ондай тәрбие ешқандай нәтиже бермейді» деген екен.

    Біз Қазақстанда тұрамыз, сол себептен халықтың дәстүрімен өнерін зерттеу рухани-адамгершілік тәрбиенің манызды бөлімі болып табылады.

    Мен кәсіби ісімде көбінесе бейнелеу өнері,технология, музыка,әдебиет пәндерін өзара кіріктіру әдістерін пайдаланып, сабақтан тыс уақыттарда балалармен қосымша жұмыс жүргіземін.

    Оқушылармен жүргізген «Ұлттық киім», «Ою өрнек», «Халық шеберлері», «Пейзаж жанры» тақырыбындағы сабақтарда, халықтың қолөнерімен табиғаты туралы түсініктерді ақындардың өлеңдерімен, музыкалық шығармалармен байланыстырып, олардың бейнелі түрде ойлау қабілеттерін, іскерлігін дамытумен қатар, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тырыстым.

    Пейзажды орындауда кеңістік, композиция заңдылықтарын үйрете отырып, практикалық кезеңдердің өтілу кезінде қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдерімен, дәстүрлі әндерін және де еуропа композиторларының классикалық шығармалары тыңдаттым. Жас суретшілер эмоциялық әсер алып, шабыттары көтеріліп, нәтижесінде олардың кескіндемелері сәтті аяқталды.

    Анималисттік жанр туралы түсініктерді кеңейту мақсатында жануарлардың бейнесін сомдауда музыка мен биология пәндерімен байланыс орнатамын. Мысалы киіктің бейнесін орындауда оқушылар оның пластикалық анатомиясын зерттеп, қазақ композиторы Ықыластың «Жез киік» атты күйін тындайды. Күйді тыңдау процесінде оқушылар жезкиіктің шабысын, дене қозғалысымен түс ерекшелігін елестетіп, ойларында пайда болған бейнені жазықтыққа паш етуге тырысады.

    Сабақтан тыс шараларының маңызды компоненті «Шығармашылық сәттер фестивалі»шеңберінде бейнелеу өнері, экология, өлкетану, тарих бағыттары бойынша оқушылар туған жерін жан-жақты зерттеп шығармашылық жобалар қорғайды. Топтық жұмысты орындау барысында оқушылар бір мақсатқа жету үшін біріккен іс атқарады.

    Оқушылардың қызығушылығы өз нәтижесін береді.

    Жас суретшілер сабақтан тыс үйірме отырыстарында мектепшілік шараларды безендіру, кейіпкерлердің киім үлгілерін тігуде тарихтың сырларына үңіліп зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сақ патшайымы, батырлар мен серілердің киім үлгілерімен декорациялар орындауда өнердің түрлері мен бағытарымен танысады.

    Оқушылардын рухани өсуін қалыптастыратын әдістердің бірі - көрмелер мен байқауларға қатысуы, биік шыңдардан көрінуі олардың өздеріне деген сенімділіктерін арттырып, қабілеттерін одан әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді. Шығармашылықты арттыратын пішімдердің бірі бинарлық сабақтардың ұйымдастырылып өтілуінде.

    Бинарлық сабақ- пәнаралық байланысты жүзеге асыратын пішім. Дәстүрлі емес сабақтардың түрі. Сондықтан жас суретшілердің талғамын тәрбиелеп, әр түрлі пәндердің мұғалімдерімен бірлесе отырып, эстетикалық пәндерді беретін мұғалімдердің ынтымақтастығы болуы қажет. Ұстаздың міндеті - жоғары мотивация негізінде оқушының танымдық қабілеттерін активтендіру.

    Сабақ және сабақтан тыс кезіндегі оқу-тәрбие жұмысы жаңа технологияларға толы, қайраткерлік сипатта жүзеге асырылса оқушыларға рухани адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерін сақтауға және қоғамда өз орындарын табуға көмектеседі

    Категория: Баяндамалар | Қосты: Kairat (14.01.2015)
    Қаралуы: 798 | Рейтинг: 0.0/0
    Барлық талдауы: 0
    avatar